jasqazaq.kz

Зейнеттегі дәрігерді өз үйінде өлтіріп кетті

21 ақпан 2017, 9:53

Қостанайда облыстық жүйке жүйелері диспансерінің бұрынғы бас дәрігері қаскөйлердің қолынан аянышты жағдайда көз жұмды. Қазіргі таңда марқұм Рашида Сандыбаеваның денесінде 30-дан астам пышақ жарақаты бар екені анықталып отыр. Бұрынғы бас дәрігердің мүрдесін туыстары кеше таңертеңгі сағат 11 шамасында өз үйінен тапқан, деп хабарлайды.

Baq.kz хабаралағандай, осынау суыт хабар қостанайлықтарды есеңгіретіп тастады. Өйткені, өзінің баурап алатын жайдары мінезімен, қызметіне адал қарайтын ақ халатты абзал жанның қазасы кім-кімге болса да ауыр тиіп отырғаны жасырын емес.

«Қостанай облысына танымал білікті басшы, кәсібіне адал дәрігер Рашида Сандыбаеваның кісі қолынан қаза тапқандығы анықталып отыр. Оның денесіне 30-дан астам пышақ жарақаты салынған. Марқұмның жансыз денесі өз үйінен табылды. Облыстық жүйке жүйелері диспансерін ұзақ жылдар бойы басқарған Сандыбаева зейнетке шыққаннан кейін сот-психиатриялық сарапшысы болып жұмыс істеген. Білікті дәрігердің өлімі оның қызметімен байланысты болуы мүмкін», – дейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Елена Каширина

Облыстық ішкі істер департаменті аталмыш кісі өліміне қатысты тергеу ісінің құпия өтуіне байланысты бұдан өзге ақпарат беруден бас тартты.

Ал, Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы аянышты жағдайда көз жұмған Рашида Сандыбаеваның өте білікті басшы болғанын айтты.

«Рашида Қожахметқызы өмірінің 36 жылын психиатрия саласына арнады. 2005 жылдан бері осы саладағы облыстық аурухананың бас дәрігері болды. Оның сыртында көптеген жылдардан бері Денсаулық сақтау басқармасында штаттан тыс бас психиатр қызметін қоса атқарды», – дейді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің басшысы Ануар Едрисов.

Қазіргі таңда осы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілу үстінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде