jasqazaq.kz

Зейнеткердің атынан iPhone 13 рәсімдеген азамат ұсталды

21 желтоқсан 2023, 12:29

Ақтөбеде ер адам зейнеткердің атына тауарлық несие рәсімдеп алған. Polisia.kz хабарлағандай, 30 жастағы ер адам 65 жастағы танысының үйіне барып, ипотека құжаттарын рәсімдейтінін айтып, телефоны арқылы екінші деңгейлі банктің қосымшасына кіріп, электроника дүкенінен оның атына тауарлық несие рәсімдеген. Атап айтқанда, күдікті құны 439 мың теңге тұратын iPhone 13 телефонына тапсырыс берген. Зейнеткер өзінің атына тауарлық несие алынғанын бірнеше күннен кейін біліп, полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарды қандай да бір қаржылай операцияны жүзеге асыру кезінде мұқият болуға және бөгде адамдарға телефон бермеуді ескертеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі