jasqazaq.kz

Зейнеткерді менеджер құтқарды

24 шiлде 2023, 12:34

Қостанайда банк менеджері қылмыстың алдын алды. Облыс тұрғыны алаяқтың құрбаны бола жаздаған зейнеткерді алаяқтың арбауынан құтқарды. Бұл жайында Polisia.kz мәлім етті.

Зейнеткер өз атына үлкен көлемде несие беруді сұрап, банк бөлімшесіне барған. Банк менеджері қарыз сомасын есептеп, банктің 1,5 млн теңге көлемінде несиені мақұлдағанын хабарлады. Зейнеткер әйел телефон арқылы белгісіз адамдарға банктің қанша соманы бергенін айтты. Оны байқаған банк менеджері клиенттен не себепті несие алып жатқанын сұраған кезде зейнеткер тіс жармай қойған. Дегенмен де оның қобалжып алаңдап отырғанын байқаған банк қызметкері бұл туралы қауіпсіздік қызметі пен полицияға хабарлады.

Тексеріс барысында зейнеткер ақшаны алаяқтарға жібермек болған. Олар әйелге Ресейде тұратын қызының ауруханада ауыр жағдайда екенін хабарлаған. Ақшаны беру үшін келісілген кездесу барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы жалдамалы алаяқты сол жерде ұстады. Белгілі болғандай, жас жігіт Telegram арқылы жұмыс іздеген. Оған жалақысы күніне 50-ден 100 мың теңге болатын осындай «жеңіл» табыс түрін ұсынған алаяқтар байланысқа шыққан.
«Мұндай стрестік жағдайда бірінші кезекте ақша іздеу керек болды. Мен тіпті қызыма қоңырау шалуды ойламадым, өйткені мен қатты толқып кеттім. Бірақ қызметкерлердің қырағылығының арқасында алаяқтардың арбауына түспедім. Сол үшін маған осы жағдайда көмектескендердің барлығына ризамын», – деп атап өтті зейнеткер.

Алаяқтар жаңа схемаларды ойлап, түрлі әрекетке барады. Сонымен қатар ескі «телефон» әдістерін де қолданып жатыр. Полиция өкілдері зейнеткерлерге алаяқтардың арбауынан түсіп қалмауға шақырады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі