jasqazaq.kz

Зейнетақы төлемі: жеке табыс салығы алып тасталуы мүмкін

22 қантар 2024, 15:07

Өткенде Сенат депутаты Бекболат Орынбеков БЖЗҚ-ғы артық ақшасын шығарып алғандар жеке табыс салығын (ЖТС) төлейтінін, бірақ соны алып тастау керектігін ұсынған болатын.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов сенатордың сауалына жауап берді. Ол қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, азаматтардың барлық кірісіне 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатынын еске салды. Жалақыдан зейнетақы қорына аударылған төлемнен ЖТС алынбайды, Сондықтан БЗЖҚ-дан артық төлемін шығарып алған адам 10 пайыз ЖТС төлеуі тиіс. «Кірістің осы бөлігі үшін кейінге қалдырылған салық салу қолданылады», — делінген жауапта.

Ал ұсынылып отырған зейнетақы төлемдерін ЖТС-тан босату бюджеттің айтарлықтай шығындарына әкеп соғады (2023 жылы – 13 464 млн теңге, 2022 жылы – 14 087 млн теңге).

Үкімет басшысының пікірінше, көтеріліп отырған мәселе халықаралық тәжірибені зерделеуді және талқылауды талап етеді. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде ЖТС ұстап қалуды алып тастау мәселесі аталған жұмыс аясында жан-жақты қаралады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі