jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: Мұсылмандықтың айғағы- тұмшаланған хиджап, қауғадай сақал емес, жүректегі иман

04 сәуiр 2023, 16:15


Қазақ батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жаппай хиджап киіп кеткендер мен ұзын сақал қоятын жастарға қатысты ойын білдірді.

«Даласы – шөл, үнемі құм борап тұратын болғандықтан, арабтардың әйелдері көздерін ғана қалдырып, тұмшаланып киінетін болған. Ал оны біз хиджап кимеген мұсылман емес деп, біреудің қаңсығын таңсық көріп жүрміз. Құдай-ау, шашыңды жауып жүргің келсе, неге кимешек кимеске. Қазақ әйелдерінің кимешегіне тең келер киім бар ма?! Ол денсаулыққа да пайдалы болған.
Қазір жәдігерге айналған кимешекті алып қараңыз… Алдыңғы өңірі кіндіктен төмен түседі және бірнеше қабат кестеленген. Яғни, омырауды жауып тұрады, төске суық өткізбейді. Арты үшбұрышталып келеді де, тілерсекке дейін төгіліп тұрады. Белді суықтан қорғайды. Мен жастардың ортасында көп боламын. Атаның аманатын жастарға жеткізгім келеді. БІЗДЕГІ ХИДЖАП КИГЕНДЕР — АДАСҚАНДАР.

Ал мұсылмандықтың айғағы – тұмшаланған хиджап, қауғадай сақал емес, жүректегі иман. БАЛАҒЫН КЕСКЕНДЕРДЕ, САҚАЛЫ ӨСКЕНДЕРДЕ ЕМЕС, АЛЛАНЫ ЖҮРЕГІНЕ ҚОНДЫРҒАНДАРДА ҒАНА ИМАН БАР. Әлгіндей пиғылдағылардың барлығы – Исламды іштен ірітуді, қазақты қадір-қасиетінен айыруды мақсат еткен дін­сіздердің ағымы. Олар біздің салт-дәстүрімізді арабтарда жоқ дейді де, бар асылымызды харам санайды. Мысалы, олар айтады әкеңе ас берме, келіндер сәлем салмасын, өлген адамды сол заматта жерле дейді. Арабтардың өлген адамды сол заматта жерлейтіні жері ыстық, мәйіт шыдамайды. Ал біздің дәстүрімізде жан-жақтағы ағайын-туысын күтетін үрдіс бар. Келіп, көңілі суысын, бір уыс топырағын салсын дейді. Сол арқылы әр адам өзінің де ажалды екенін, мынау өмірдің жалған екендігін түйсінеді…»,- дейді Зейнеп Ахметова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі