jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: Қазақтың қызы күйеуге тигенге шейін орамал таққан емес

25 мамыр 2023, 14:23

Қазіргі таңда жастарымыздың хиджаб киіп, жаппай оранып жатқандардың көбейгені белгілі. Көпті мазалап жүрген осы мәселенің сауалына да Зейнеп Ахметова үн қатты.

«Тасын ала берсең тау да таусылар. Ата-бабадан келе жатқан мұраға әсіре діншілдердің өздері саясатқа кетіп қалған. Байқап қарасаңыздар, олар “біздің де уақыт туады дейді. Бұл билік басына келген соң қырамын, көрсетемін дегенмен пара-пар, саясат емей немене?!

Қазақтың қызы күйеуге тигенге шейін орамал таққан емес. Басына орамал түсті — неке қиды, әйел болды деген сөз. Қазақтың қызы кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жырға, шашақты қасаба, моншақты сораба киген. Бұлар қыздардың өзін қалай көріктендіреді.

Шаштарын он күн тарап, бес күн өрді. Қазақтың қызы шаш күтіміне де ерекше көңіл бөлген. Енді осының бәрін біз қара орамалдың астына жасыруымыз керек пе?!

Ал қазақтың әйелдері ешқашан шашын да, самайын да көрсетпеген. Қазақтың мұсылманшылығы өзіне керемет. Мұсылман болу үшін бізге араб болудың қажеті жоқ», — дейді З. Ахметова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі