jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: Күн мен түнді есепте де, 4.5 айда бала туғызып ал

01 наурыз 2017, 11:59

Қазақта «Алтын сәндікке, күміс емдікке» деп айтады. Қазақ күмісті көп пайдаланған. Өйткені, күмістің қасиеті көп. Баланы қырқынан шығарар кезде күміс салатын себебі, біріншіден, судың күшін күшейтеді, екіншіден, залалсыздандырады. Ұлдарға да, қыздарға да күміс сала береді. Ал, суға ақша салуға болмайды.

zhambylnews.kz жазғандай, ақша өте былғанышты нәрсе, оны қанша жуғанмен, бойында энергия қалып қояды. Сондай-ақ, баланы қырқынан шығару кезінде жаман әдет пайда болыпты. Оңтүстік жақта баланы 20 күн толғанда шығарады екен. Бұл не сұмдық десем, біз күн мен түнді есептейміз дейді. «Жарайды, онда күн мен түнді есепте де, әйеліңе 4,5 айда бала туғызып ал» дедім. Расында ғой. Қырқынан шығарды деген жырларда да, ертегілерде де кездеседі. Ал 20 күнде қырқынан шығарды деген жоқ. Қазақ деген сұмдық данышпан халық болған. Қырық күннің қасиетін қазақ атам ерте заманнан білді. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 42 күнді айтады. Бұл бала үшін де, ана үшін де қауіпті. Қазақ осыны қайдан білді? Неге келінді 40 күн суық суға қолын салғызбай, шаруаға салмай күтті? Келінді тұңғышынан соң қатты күтеді. Ал, бала 40 күнге дейін әлі жердің баласы емес. 40 күннің ішінде баланы сүйгізбейді, қолға алып жүргізбейді. 40 күндік баланың көзі көрінбейді, ал қырқынан қалай шығады, көзі жылтырап қалады. Не үшін қырқынан шығарады? 40 күннен соң ет пен сүйек бірігеді, ал оған дейін ұстап көрсең баланың буын еті былқылдап жатады. Адам қайтыс болғанда қырқын береді. Онда ет пен сүйек ажырайды. Біз соның құрметіне береміз. Мысалы, арабтарда жетісін беру, қырқын беру, жылын беру деген жоқ. Бұл тек түркі халықтарында бар. Қайтқан адамның рухы жеті күнге дейін үйінің айналасында жүреді екен. Жетісін бергесін барып, көңілі толып кетеді екен. Ал, қырық күнде ет пен сүйек ажырайды. Жылында сүйек тазарады, біз құдайыны соған береміз.
Біздің кез келген ырым-тыйым, салт-дәстүрімізде үлкен мән-мағына жатыр. Біз осыдан айырылып қалдық. «Олай етпе» десе, «неге?» дейді. «Жаман боладыдан» ары қарай ештеңе айтпайды. Мысалы, бүйір таянуға болмайды. Жақын адамы қайтыс болған кезде іші өртеніп, солқылдап жылайды. Сол кезде ішкі құрылысқа, мәселен, бауырға зақым келуі мүмкін. Сондай сәтте белін буып тастайды, бармақты екі бүйірге салып жіберіп, таянып жылайды. «Бүйіріңді таянба, өлім тілеп отырсың» деген сол. «Табалдырықты баспа» дейді. Неге? Ұл баланың жолдасын табалдырыққа «шаңырағына берік болсын, табалдырығын мықты ұстасын» деген ырыммен көмеді. Ал, қыз баланың жолдасын отқа көмеді. Себебі, қыз бала ертеңгі күні тұрмыс құрады, оттың иесі, отбасының берекесі болуы керек. Сол себепті отқа түкірмейді, оттың басын аяқпен баспайды. Ұл баланың кіндігін алты қырды асырып көміп тастайды немесе сақтайды. Бала тумаған әйелдер ырым етіп алады.

Үзінді Зейнеп Ахметованың «Medianet» халықаралық журналистика орталығында берген сұхбатынан қысқартылып алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде