jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық

31 мамыр 2024, 15:38

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова ер мен әйелдің мүлде тең емес екенін айтты.
Зейнеп Ахметованың сөздері әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне шықты.
«Ер мен әйел теңелген кезде дүниенің шырқы бұзылады. Құдайдың өзі екеуін екі әлем қылып жаратқан. Екеуі бірігіп бір бүтін болып ұрпақ өрбітеді.
Екеуміз теңбіз, бір баланы сен ту, бір баланы мен туайын демейді ғой. Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық. Оның бүкіл дене құрылысын былай қойғанда ойы мен санасы, ішкі жан дүниесі адамзат алдында атқаратын міндеті барлығы бөлек. Сондықтан еркек әйел боламын, әйел еркек боламын деп тыраштанбасын. Әрине, бұл әйел ғалым болмауы керек, әйел қызметте істемеуі керек деген сөз емес»,- деді Зейнеп Ахметова.

Желі қолданушылары: «Зейнеп апайдың зерделі сөздерін зейін қойып тыңдап, орамды ойымен жүз пайыз келісемін»! «Зейнеп әжеміздің әрбір сөзі алтын ғой, мың жасаңыз!», «Осындай әңгімені көп айтыңыздар», «Феминистер ортаға шығыңдар», «Апам ұққан адамға дұрыс айтты», — деп пікір қалдыруда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі