
Өзбекстанда 4 желтоқсанда президент сайлауы өтеді. Елдің Орталық сайлау комиссиясы бүгін осындай хабар таратты. Өзбек елінде президент сайлауы соңғы рет 2015 жылғы 15 наурызда өткен еді. Сол сайлауда жеңіске жеткен Ислам Кәрімов жақында бақилық болды. Қазір премьер-министр Шавкат Мирзияев ел президентінің міндетін уақытша атқарып жатыр.