jasqazaq.kz

Зауыттағы өрт 14 сағатта сөндірілді

02 мамыр 2023, 9:47

Ақтөбе облысындағы «Жаңажол» газ өңдеу зауытында кеше түс ауа тұтанған қызыл жалын бүгін таңғы сағат 6:20-да сөндірілді. Зауыттың өрт жалмаған аймағында салқындату жұмысы жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндірушілер қызыл жалынның 20 тонналық 5 цистерна мен басқа да обьектілердің өртенуіне жол бермегенін айтты.
Кеше 112 пультіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағы, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің «Жаңажол» кен орнында қондырғы өртенгені туралы хабарлама түскен. ТЖД басшылығы аэровизуальды барлау жұмыстарын жүргізіп, жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-нен 50-ден астам қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды. Өрт кезінде күйіп қалған 4 адам Темір аудандық ауруханасында емделіп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі