
Өскеменнен Астанаға шыққан пойыз жолда бұзылып қалды.Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 17 мамырында сағат 11.02-де Еркіншілік-Сары-Оба өткелінде (Астананың кіреберісі) техникалық ақауына байланысты №67 «Защита — Астана» пойызы тоқтатылды.
Жолаушылардың барлығы №801 «Павлодар — Астана» пойызына отырғызылып, жолға шықты. Олар Астанаға 15.18-де келіп жетті.
Баспасөз қызметінің өкілдері Астанаға келген жолаушылардың өтемақы ала алатынын айтты. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ыңғайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды», — делінген компанияның хабарламасында.