jasqazaq.kz

Зарина Дияс Қытайда турнир жеңімпазы болды

16 сәуiр 2017, 14:52

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс финалдық кездесуде Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, Наньнин қаласында өткен ITF Women’s Circuit турнирінің жеңімпазы атанды.

Екі теннисші бірінші рет кездесті. Осы ойынға дейін 23 жасатағы Зарина Дияс WTA рейтингінде 242 орында тұрды, ал оның қарсыласы Я-Хсуян Ли — 300-ші орында. Еcке салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді.Осыған дейін, отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде