jasqazaq.kz

Зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі

07 сәуiр 2024, 13:28

Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Қазір әкімдіктердің өтінімдерін қарастырып және сұратылған тауарларды жіберіліп жатыр. Мемлекеттік материалдық резервтер номенклатурасына сәйкес резервтің қоймаларында тамақ өнімдері, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар – арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті басқа да тауарлар сақталады. Бұл туралы Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетов ОКҚ алаңында хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 бірлік арнайы және автомобиль техникасы, оның ішінде экскаваторлар, вахталық автомобиль, балшық сорғылары, автосамосвалдар, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары шамамен 15 мың 400 адамға 1 млрд 474 млн теңгеге шығарылды.

Руслан Ормағамбетов: «Мемлекеттік материалдық резервтен берілетін техника мен тауарлар осы төтенше жағдайды жою үшін жаңа, заманауи және қажетті тауарлармен жабдықталған. Тауарлар «Резерв» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қоймаларында еліміздің 10 өңірінде орналыстырылған», — деді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі