
Алматы қаласының Наурызбай ауданында зәулім мейрамхана сүріліп жатыр.
«Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі барысында Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында орналасқан мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған болатын.
Меншік иесіне қатысты ҚР Кодексінің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді.
26.08.2022 жылы сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, алайда жауапкер апелляциялық шағым берді.
19.10.2022 жылы қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
2023 жылдың 13 сәуірінде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады» делінген хабарламада. Сондай-ақ Мәуленов көшесіндегі (96/77 мекен-жайдағы) үйге екі қабатты қосалқы кеңестілім де рұқсатсыз салынған үшін сүрілген болатын.

«Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша құрылыс белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған болатын.
Алмалы аудандық соты әкімшіліктің талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен кеңейтілімді бұзу жұмыстары басталды» деп мәлімдеді қала құрылысын бақылау басқармасы.
@jasqazaq.kzЗаңсыз құрылыс сүрілді♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat
@jasqazaq.kz Тойхана сүрілді
JQ-Aqparat