Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс

30 қыркүйек, 22:33


Түркістан облысында қару-жарақпен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын халықтың білуі маңызды. Өңірде акцияның қалай өткізіліп жатқанын Түркістан облысы Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мейрамбек Балтабаевтан сұрап, сұхбаттасудың сәті түсті.

– Түркістан облысында қару-жарақпен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр. Қанша уақыттан бері ұйымдастырылуда? Халыққа жалпы түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілуде?

– 2024 жылғы 22 сәуірден Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Түркістан облысы аумағында тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде.

– Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынынан тұрғындар толыққанды хабардар ма?

– Полиция бөлімдері, учаскелік полиция пункттері, көші-қон қызметі және әкімшілік полициясында азаматтардың құжаттарын ресімдеу пункттерінде және азаматтар көп жиналатын жерлерде халыққа қызмет көрсету орталықтары, сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, темір жол және автосаяжайларда, әуежайда үгіттеу және ақпараттық материалдар (билбордтарын, стендтер, плакаттар) орналастырылып, сонымен қатар газеттер мен интернет желісінде мақалалар жарияланып жұмыстар ұйымдастырылуда.

– Жалпы қанша қаруды тұрғындар өз еркімен тапсырды?

– Түркістан облысына 14 миллион 386 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде 150 бірлік шамасында оты атыс қарулар қабылданып, бөлінген қаражаттың 11 млн шамасында қаражаты игеріліп, қалған қаражатты игеру мақсатында жұмыстар жалғасуда.

– Өткізген қару-жарақтың арасында көне жәдігер саналатын, бірнеше жылдық тарихы бар мылтық түрлері бар ма?

– Көне жәдігерге саналатын қару облысымыздың тұрғындарынан өткізілген жоқ.

– Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін оның түріне және техникалық жағдайына байланысты сыйақы қарастырылған? Қару түрлері қалай бағаланады, жеке тоқталып талдап айтып берсеңіз?

– Қару-жарақтарға берілетін сыйақы түрлері, өздерінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген мынадай айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде: 1) автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 1) дәреже 369200 , 2) дәреже 258 440 , 3) дәреже 110760 теңге.
2) ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әр бірлігі үшін елу еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 1) 184600, 2) 129220, 3)5 5380 теңге
3) қысқа ойық ұңғылы атыс қаруының (пистолеттер, револьверлер) әр бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 1)147680 2)103376, 3) 44304 теңге
4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 1) 110760 2) 77532 3)33228 теңге
5) жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 1) 36920 2) 25844 3)11076 теңге
6) әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін жеті еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 25844 теңге
7) жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін алты еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін; 22152 теңге
8) калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін сыйақы 10548 теңге.
Ал калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін сыйақы белгіленеді.
1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100 %-ы есебінен жүргізіледі.
2-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі.
3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 %-ы есебінен жүргізіледі.

– Жалпы қанша адамға қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін қанша сома мөлшерінде сыйақы төленді? Алдағы уақытта да бұл акция жалғасын таба ма? Заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру қауіпсіз қоғамның бір көрінісі деп айта аламыз ғой?

– Қаржы төлеуге құжаттары дайын болған 90 бірліктен аса қару өткізген 70 тен аса адамның құжаттары Қаржымен қамтамасыз ету басқармасына жолданып 7 млн-нан астам теңге шамасында қаражат төленді. 2008 жылдан жалғасып келе жатқан акция болып табылады, алдағы уақытта да жалғасын табады деп айтуға болады.

– Қаруын тапсырғандардың арасында өзінің мүлкіне қатысты әсерлі естелігін айтқандар болды ма? Мысалы аңшы болған жандар мылтығымен қанша қасқыр атты деген секілді.

— Қару тапсырған азаматтар арасынан әсерлі әңігімелер айтқан жағдайлар кездескен емес, тек бір жағдай орын алды Бәйдібек ауданының тұрғыны өзінің атасы соғыста қолданып, соғыс аяқталғаннан кейін өзімен бірге алып келген «Мосина» маркалы ойық ұңғылы қаруды өткізген.

Сұхбатты жазып алған
Қуан Көшек

25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары