jasqazaq.kz

Заңсыз айналымнан 137 келі есірткі тәркіленді (Видео)

27 қараша 2023, 10:46

Шымкентте заңсыз айналымнан 137 келі есірткі тәркіленді. Polisia.kz хабарлағандай, Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтің айтуынша, есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері есірткімен байланысты 506 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 137 келі есірткі заттары, оның ішінде 15 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Арман Бейсенбаев есірткі сатумен байланысты қылмыстың тең жартысы интернет арқылы жасалатынын және онымен айналысатындардың 80 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтар екенін айтты.Осыған байланысты ол жастарды интернет желісіндегі жоғары жалақы мен 3-4 сағаттық жұмыс ұсынатын жарнамаларға алданып қалмауға шақырды. Мұндай ұсыныстардың артында есірткі жеткізуші (курьер), есірткі қойып кетуші (закладчик) және есірткі өткізуші сияқты аса ауыр қылмысқа итермелейтін қызметтер тұрғанын ашып айтты. Сәйкесінше, мұндай қылмыс жасағаны үшін заңда 10-12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті. Ал оқу орындарында есірткі сатып ұсталған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізді. Яғни, жеңіл жолмен келген ақша темір тордың ар жағынан бір-ақ шығаратынын еске салды. Сондықтан ата-аналарды балаларының тәрбиесіне, жүріс-тұрысына мұқият мән беруге, ал жастарды жеңіл табыс табу жолдарынан аулақ болуға, адал еңбек етуге шақырды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі