jasqazaq.kz

Заң және Тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды

08 қараша 2024, 17:08



Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Форумда покурор Айжан Аймағанова «Заң мен Тәртіп: құқықтық тәрбиені қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Ол жиналған қауымды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, 10 жыл ішінде осы кеңестің елдегі беделді қоғамдық институттардың біріне айналғанын атап өтті: «Ұйымның өңірлерде өз көшбасшылары мен қолдаушылары қалыптасты. Бүгінде олардың басын біріктіретін бір ғана мүдде бар. Ол – ұлттың саулығы мен тәрбиесі, ынтымағы мен бірлігі.
Сіздердің отбасы институтын сақтау мен нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған бастамаларыңыздың маңызын ерекше атап өткім келеді. Аналар кеңесінің мүшелері әрқашан қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, оны шешуге белсене қатысуда. Оның ішінде құқықтық тәрбие беру мәселесі де бар.
Өздеріңізге мәлім, кейінгі кездері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі байқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатады.
Мен прокуратура қызметкері ретінде күн сайын осындай істердің куәсімін. Бұл бізге моральдық-психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағына уайымдаймыз, екінші жағынан заңгер ретінде жаның ауырады. Қалай десек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз.
Бірақ неге біздің балалар заң бұзады? Неге қатыгездік танытады? Осы ойлар көп мазалайды мені, осы ойлардан бір түйгенім, отбасында тәрбие құлдырап тұр. Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігінді түзе» деп айтқан. Ендеше отбасына бет бұрайық».
Отбасының ұйтқысы – ана екенін айта келе, Айжан Аймағанова форумға жиналған аналарды қоғамда құқықтық мәдениетті насихаттауға белсенді атсалысуға шақырды.

Ол: «Осы орайда, Аналар кеңесі аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» қоғамдық акциясын бастауға шақырамын. Оның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау.
Осы арқылы жастарды құқықбұзушылық кеселдерден аулақ болуға тәрбиелейміз.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы.
Сөз соңында заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты биік қоюға әр азамат, әр отбасы өз үлесін қосуға міндетті екенін атап өткім келеді», — деді.
JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде