jasqazaq.kz

Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды

31 қазан 2025, 18:51

Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Туындының тұсаукесері ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетілді. Іс-шараға 500-ден астам бала қатысты.

Бұл жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын  насихаттауға бағытталып отыр. Мультфильм балаларға заңның, әділдіктің және қоғамдық тәртіптің маңызын қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат етеді.

Анимациялық туындының басты кейіпкері – Барыс. Ол — Қазақстанның тәуелсіздігі мен күш-қуатын бейнелейтін кейіпкер. Барыс балаларға адалдық, құрмет және ережелерді сақтау сынды қасиеттердің маңызын үйретеді.

Премьера аясында балаларға арнап түрлі интерактивті және танымдық шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша викторинаға қатысып, кинологтар мен криминалистердің жұмысымен, сондай-ақ арнайы жасақ қызметімен танысты. Сонымен қатар, полиция қызметіне арналған фотокөрме ұсынылды.

Мерекелік көңіл-күйді қуыршақ театрының әртістері, Шымкент циркі өнерпаздары және жол қозғалысының жас инспекторларының сахналық қойылымдары жандандырды. Іс-шара соңында балалар мен ата-аналар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырды – бұл ізгі ниет пен бейбітшіліктің белгісіне айналды.

Жоба авторларының айтуынша, «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» – тек анимациялық фильм емес, сонымен қатар балаларға заңды құрметтеуді, әділдік пен жауапкершілікті бағалауды, қоғамға пайдалы болуды үйрететін тәрбиелік бастама.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті