jasqazaq.kz

Зайсанда қатарластарын ұрып-соққан қыздарға қандай жаза қолданылады?!

08 қазан 2024, 16:36

Әр аймақтан келіп жеткен суыт хабар күздің ызғарынан бетер. Талғарда төбелес – бір жасөспірім қыршынынан қиылды. Ақтауда қыздар топ құрып, замандастарына қоқан-лоққы көрсетіп жүр. Зайсанда өрімдей қыздар қатарластарын лас жерге тізерлетіп, ұрып-соғады.

Бейнежазбадағы сүйкімді қыздардың аузынан шыққан балағат сөзден құлақ бүріседі. Ауызда темекі. Жылдар бойы түрмеде отырып шыққан кәнігі қылмыскерден бетер.

«Біздің артымызда қаншама адам тұр. Тізерлеп кешірім сұра. Бағанадан бері саған хабарластым. Қоңырауға жауап бермесеңдер, телефонды не үшін ұстайсыңдар? Саған 5 мың теңге айыппұл. Бұл екеуі 10 мыңнан қойсын, 20 мың теңге ертең тауып берсін. Бұл видеоны бүкіл Зайсан көреді. Ертең банк картасына 10 мың теңге жібер. Аналарыңа, мұғалімдерге айтсаң, жақсылық күтпе!» — деп доқ көрсетеді.

Бейнежазба әлеуметтік желіні қойып, сайттан сайтқа көшіп жүр.

Осы оқиғаға қатысты ШҚО полиция департаменті енді ғана хабарлама таратты.

Онда: «Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалуда. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады», — делінген.

Бұл, әрине, «стандарт» жауап. Бұзақылық жасаған қыздар әдеттегідей камераға кешірім сұрап, құтылып кетуі де ғажап емес. Сондықтан Талғардағы оқиға сияқты ішкі істер министрі өз бақылауына алғаны дұрыс болар.

JQ-Aqparat

Сурет: Видеодан кадр

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі