jasqazaq.kz

Заң бұзған полицей іздестірілуде (видео)

25 сәуiр 2017, 18:37

Алматы қалалық ІІД өкілдері тізгінде телефонмен сөйлесіп, белбеу тақпай келе жатқан полицей формасындағы ер адамды іздестіріп жатыр. Осы сәтті видеоға куәгерлер түсіріп алған.

Видеожазба 20 сәуірде Алматыдағы Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында түсірілген. Полиция формасындағы ер адам жекеменшік көлікпен жүрген. Сондай-ақ, ол салонда телефонмен сөйлесіп және белбеу тақпай келе жатқан. «Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері айқын көрініп тұр. Ол белбеусіз, оның үстіне телефонмен сөйлесіп келе жатқан. Ол қызметкер ме, жоқ па — оған қарамастан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші кезекте біз оны құқық бұзушы ретінде іздестіреміз. Ал екінші кезекте ол расында да ІІД бөлімшелерінің бірінде жұмыс істесе, біз оған қатысты тәртіптік мазмұндағы шараларды қабылдаймыз. Алматыда ҚР ІІМ тағы бір бөлімшесі бар», — деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

https://youtu.be/xzZGhAxf5cA

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде