jasqazaq.kz

Өз қызын өлтіріп, оған ертегі оқып берді

29 сәуiр 2017, 22:48

Мәскеулік әйел өз қызын суға тұншықтырған. Қыз суға тұншығып, көз жұмған. Өз қызын өлтіргеннен соң анасы қызын киіндіріп, оған ертегі оқып берген.

26 сәуір күні Мәскеу қаласы Дорогомиловско ауданының соты 32 жастағы Надежданы қамауға алуға шешім қабылдады. Сот отырысында әйел еңкілдеп жылап, өзінің төрт жастағы қызын өлтіргенін мойындады. Күйеуімен ажырасқанын және еш жерде жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Надежданың қорғаушысы қорғалушысының психикалық аурумен ауыратынын айтып, түзеу мекемесіне жіберілмеуін сұрады. Айыпталушы Надежданың айтуы бойынша, оқиға болған күні таңертеңнен бастап өзін-өзі өлтірмек болған. Ақырында қызын өлтіруге шешім қабылдаған. Артынша ваннаны суға толтырған. Ал қызы болса өзін суға түсіреді деп ойлаған. Анасы қызының басын суға батырып, өліп қалғанша судан шығармаған. Қызының демі таусылған соң, оны киіндіріп, төсекке жатқызған. Артынан ертегі айтып берген. Бұл жайтқа сол уақытта үйіне келген әжесі куә болған деп мәлімдеді қорғаушысы Каратаев Қорғаушының мәлімдеуінше, Надежда өмірмен есептеспек болған. Барлығы күйеуімен ажырасқаннан бастау алады. Күйеуі ішімдік ішіп, есірткі пайдаланған. Сол себепті 2015 жылы ажырасқанын айтқан. Қызын өлтірудің басты себебі, оны жалғыз өзі асырай алмайтын болғандықтан деп мәлімдеді қорғаушы Каратаев.

qamshy.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде