jasqazaq.kz

Өз перзентін 2 рет саудалаған алматылық әйел ұсталды

16 мамыр 2016, 15:57

23937aa8bfad9435ff86efc37b3f7fb8_XL

Алматы қаласының тұрғыны өзінің бір жасар қызын алдымен 50 мың теңгеге сатқан. Алайда, өзге біреуден 670 мың теңгеге ұсыныс түскен соң алғашқы клиенттен сәбиін тартып алып, қайта сатып жатқан жерінен қолға түсті. «Аукционның» жолын қалалық ІІД-нің қызметкерлері кескен деп жазады Tengrinews.kz.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қызын сатқан ана Жамбыл облысы Мерке ауданының тұрғыны. Алматыға келіп ол екі аптадай уақыт клиент іздепті. Іздеу жұмыстарына оның 51 жастағы таныс әйелі де атсалысқан. Полицейлер олардың екеуін де бала сатып тұрған жерінен қолға түсірді. Айғақ зат ретінде ақша тәркіленіп алынған.

«Күдіктілерді тексеру барысында 670 мың теңге табылып, тәркіленіп алынды. Тергеу кезінде белгілі болғандай, сәбидің анасы аталған ақшаның тек 200 мың теңгесін өзіне қалдырып, қалған 470 мың теңгені ортадағы делдал әйел алмақ болған», — дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары кішкентай қыздың бұған дейін бір рет 50 мың теңгеге сатылғанын да анықтады. Қазір бұл қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Ұсталған екі әйел болса қамауға алынып, тергелуде.

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде