jasqazaq.kz

Қызылжар өңірінде тағы жер дауы өршіді

02 ақпан 2017, 23:45

Рощинское ауылының тұрғындары өздеріне тиесілі жер телімдерін инвестордан қайтара алмай отыр. Серіктестіктің мойнында 90 миллион теңге қарызы болғандықтан, халыққа тиесілі телімдерге алты жерден шектеу қойылыпты. Енді жыл сайын пай үшін берілетін өтемақыға жарымаған жұрт өзге инвесторға да өте алар емес. Ал қазіргісі бар пайданы қалтасына басып, зым-зия жоғалған.

ktk.kz хабарлағандай, мына кадрларды Рощинское ауылының тұрғындары түсірген. Халыққа тиесілі жерге астық еккен инвестордың оны орып алуға да шамасы келмеген сыңайлы. Салдарынан жұрт күзде пай үшін берілетін жем-шөптен қағылыпты. Ал малмен күн көретін халыққа бұл жұтпен тең.

Соңғы жылдары өздері жерлерін сеніп тапсырған «Алтын Арман» серіктестігінің шаруасы шатқаяқтай бастағанда 115 тұрғын 5 мың гектар жерімен оның құрамынан шығуға бел буған екен. Бірақ мұнысынан екі жылдан бері түк шығар емес. Салық пен өзге де берешектері бар, барлығы 90 млн. теңге үшін жұрттың телімдеріне алты жерден шектеу қойылыпты.

Ирина Корбут, Рощинское ауылының тұрғыны:

-Әкімдіктің серіктестікке тиесілі жерді мемлекет меншігіне қайтарып алуға толық құқықтарыңыз бар. Біз ақымақ емеспіз гой, заңды білеміз. «Жерді мақсатсыз пайдаланды не тоздырды» деген бап бойынша қайтара аласыздар. Бірақ оны неге істемейсіздер?

Ал аудан әкімінің айтуынша, жұрт инвесторға өз телімдерін бергенде онымен тек пайдасын ғана емес, шығындарын да бөлісуі тиіс екен. Яғни, жалпы қарызды есептегенде әр тұрғынға шамамен 800 мың теңгеден келеді деген сөз. Бірақ халықта ондай ақша жоқ. Шенеуніктер де, бұл ретте еш көмек жоқ дегенді ашық айтып отыр.

Ержан Иманислам, Тайынша ауданының әкімі:

-Сот ісіне араласа алмаймыз. Бұрын жерді кепілге қойғанда әкімдіктің рұқсаты керек болатын. Қазір заңға енген өзгертулерге сай бізде мұндай құзырет жоқ. Бәрін өздеріңіз инвестормен келісіп шешесіздер.

Заң бойынша инвестор тапқан пайдасының тек 10 пайызын халыққа пай есебінен үлестіреді. Қалғаны басшының өз қалтасында қалады. «Пайданы бөлісудегі коэфициент, қарыз төлегенде де дәл сондай болуы тиіс» халық берешекті түгел төлеуге қарсы.

«Алтын арман» серіктестігінің директоры Нөгербек Сәдуақасов сотта да төбе көрсетпейді екен. Тұрғындар тіпті оның Көкшетаудағы мекен- жайы бойынша іздеп барыпты. Бірақ оның үйінің орнында құрылысы бітпеген көпқабатты ғимарат бар болып шықты. Оған директордың қалайша тіркеуге тұрғаны да түсініксіз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде