jasqazaq.kz

Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы болды

02 мамыр 2017, 16:28

Румынияның Яссы қаласында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. 15 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы Әсел Серікбай әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.

Чемпионат медалін қызылордалық тағы бір спортшы – Назерке Нұрғали алды. Ол 40-тан астам жасөспірім қатысқан 13 жасқа дейінгі шахматшылар арасында күміс ұтты.

«Әрине, әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұрын 9 жасқа дейін әлем чемпионы болғанмын. Содан бері жеті жыл өтті. Нәтижені тағы қайталадым. Бұл жоғары деңгейдегі шахматшылар жарысқа түскен ересек санатқа жатады. Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевқа және бапкерім Василий Шимелковке алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ алғашқы бапкерім Риза Төлтайқызы Қошқароваға және Қазақстан шахмат федерациясына алғысым шексіз», – деді таяуда Ташкентте Азия чемпионы атағын ұтқан Әсел Серікбай.

Қыркүйекте Әсел Уругвайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Оны толықтай ҚШФ қаржыландырмақ.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде