jasqazaq.kz

Қызыл кітапқа енген жануарларды саудалаған

21 ақпан 2017, 18:26

Шымкентте Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар саудаға салынған. Зообақ жұмысына тексеру жүргізген өңірдің табиғат қорғау прокуратурасы 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, табиғат қорғау прокуратурасы берген мәліметке сәйкес, хайуанаттар бағының қызметкерлері жеке тұлғалардан Қызыл кітапқа енген жануарларды сатып алыпты. Сұр кесірткені 15 мың теңгеге сатып алса, жыланшы бүркітке 40 мың теңге төлеген. Осылайша Қызыл кітапқа енген аң-құсты саудаға салуға болмайтынын біле тұра заңбұзушылыққа жол берген. Бұл туралы құзырлы органдарға хабарламаған. Зообақтағы кемшіліктер бұл ғана емес. Бақ басшылығы сондай-ақ үш жыл көлемінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін 21 млн теңгеден астам міндетті төлемдерді аудармай келген. Бұдан бөлек, бақтағы аң-құстар дер кезінде карантинге қойылмай, тиісті талаптар сақталмаған, — дейді прокуратура қызметкерлері. Қазіргі таңда Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды заңсыз саудаға салу дерегі бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, іс процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданған. «ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Шымкент мемлекеттік зоологиялық паркінде» жүргізілген тексеру қорфтындысымен зообақ басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің әр түрлі баптарымен 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, кінәлі тұлғалар 745 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлға жазаланды. Қазіргі таңда салынған айыппұлдардың 397 мың теңгесі өндірілді», — дейді Табиғат қорғау прокуратурасы басқармасының бастығы Д.Мағауин.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде