
ШҚО-да қызметкерлерін «қойлардан» ажырата алмай, малға теңеген басшы жазасын алды. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мәди Отарбаев өз қоластындағыларға тіл тигізгені үшін қатаң сөгіс алды. Мекеменің қызметкерлері әбден қытығына тиген басшысының үстінен шағым түсірген.
Этикадан облыстың департамент кеңесі Мәди Отарбаевқа жеке ісіне енгізе отырып қатаң сөгіс беру шешімін қабылдады. Бұған себеп — Отарбаевтың қоластындағы қызметкерлерін малға теңген сәтін дәлелдейтін диктофон жазбасы.
«Мен қатты кеткенімді мойындаймын. Жиі іссапарда жүретіндіктен, әр қызметкерімнің іссапарға кетуін құжатпен реттеуге үлгермей жатамын. Оларға құжатсыз іссапарға шығуын бұйырғанымда, сөзіме құлақ аспады», — деп ақталды Отарбаев.