jasqazaq.kz

Қыздарға жезөкшелікпен айналысу үшін саунаны жалға берген

27 ақпан 2017, 10:06

Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген сауна әкімшісін ұстады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «1968 жылғы ер адам басқа қаладан келген 1991, 1993, 1994 жылғы қыздарға жезөкшелікпен айналысу үшін саунаны жалға берген. Әкімшінің айтуынша, ол саунада келушілердің болмауынан осындай әрекетке барған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабын («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») бұзуына қатысты сот 49 жастағы ер адамнан 100 айлық есептік көрсеткіш (226 900 теңге) ретінде айыппұл салды», — деді жергілікті полиция қызметіндегілер. Айта кетейік, жыл басынан бері Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіндегілер «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бабын бұзған 7 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаса, ал 2016 жылы осындай 42 құқықбұзушылық дерегін анықтаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде