
Желіде Украинаның Харьков облысында 13 сәуір күні болған ірі жол апатының видеосы пайда болды.
Кадрда Мага есімді қыз жолдың бойында тверк билеп тұрғаны байқалады. Оның қасынан өткен көліктер сигнал басып, қызға деген құрметтерін байқатқан.
Алайда қызға назары ауған көлік жүргізушісінің бірі қауіпті екеніне қарамастан күтпеген бұрылыс жасайды. Нәтижесінде көлік қарсы келе жатқан мотоциклмен соқтығысты.
stan.kz хабарлағандай, байкер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ал автокөлік жүргізушісі аздаған жарақаттар ғана алыпты.