
Димашты қолдауға Қазақстаннан Қытайға анасы Светлана Айтбаева мен өнердегі ағасы, «Ұмытылмас күн» әнінің авторларының бірі Орал Байсеңгір де аттанды.
Светлана Айтбаеваның айтуынша, фанаттар қонақ үйдің алдынан кетер емес. Тіпті, әншінің анасын біліп қойып, «мама, мама» деп ізінен қалмай жүрсе керек.
Айта кетейік, Димашты қолдауға бүгінгі концертке Қазақстаннан тілшілер де аттанды. Олардың қатарында, негізінен, республикалық арналардың қызметкерлері бар.
«Концерт өтетін залға кіру оңай емес. Дегенмен, Айман Мұсақожаева залға кіре алмасақ та, қолдаймыз деп келді», — дейді Светлана Айтбаева сұхбатында.
Әншінің қасында әкесі Қанат Айтбаев пен досы Алпамыс Шаримов та бар.