jasqazaq.kz

Қытайлық компания қызметкерлеріне арықтағаны үшін сыйақы төлейді

11 мамыр 2017, 16:52

Сиань қаласында компания директоры қызметкерлерін артық салмақтан арылуына ынталандыру үшін ерекше тәсіл ойлап тапты.

Компанияда ай сайын арықтау бойынша байқау өтеді. Сыйақы 1,5 келіден бастап беріледі. Әр 500 грамм үшін 100 юань төленеді, деп хабарлады «Жэньминь Жибао» газеті. Компания қызметкері Чжоу Вэйдің айтуынша, «арықтағаны үшін сыйақы төлеу» 1 наурыздан басталған. Әр айда компанияның жартысына жуық қызметкерлері сыйақы алады, ол өзі 2 айда 10 келі тастап, 2000 юань сыйақы алды. Оның сөзіне қарағанда, бұл шара күткеннен де артық нәтиже беруде. «Қызметкерлер бұл шараға ақшалай көтермелеуге қызығып қатысып жатқан жоқ, сыйақы енгізген себебіміз көпшілігі арықтау туралы айтады да ол орындалмай, сөз күйінде қалады. Ақшалай марапат — қозғаушы күш болуда», — деді компания президенті Ван Сюэюй.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде