
Қытайда бақылау камерасына бес адам қаза тапқан жол апатының видеосы түсірілген.
tengrinews.kz хабарлағандай, оқиға Қытайдың солтүстік-батысында Нинся-Хуэй автономды өңірінде болған. Жүк көлігі тоқтай алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Содан барып үш үйді қиратқан.
Жүргізуші сол сәтте қаза тауып, кейінірек тағы төрт тұрғын қаза тапқан.