
Қытайдың Юньнань провинциясының 27 жастағы тұрғыны Ян Циньпэй өзі туған Йеме деревнясында өзінің ата-анасы мен 17 көршінің өлтіріп тастағанын мойындады. Бұл туралы Oxu.Az агенттігінің деректеріне сүйенген ras.kz хабарлады.
Полиция Циньпэйді қылмыс болған жерден 200 шақырым қашықта орналасқан Куньмин қаласында қолға түсірді. Оны іздеу деревняда кісі өлімі оқиғасы болғаны анықталғасын басталған.
Циньпэй бейсенбі күні ұсталды. Полиция өкілінің жеткізуінше, қылмыскер не болғанын түгел айтып берген. Жас жігіт Куньмин қаласында жұмыс жасап, туған ауылына оқта-текте ғана келіп тұрған. Соңғы жолы келгенінде ол ата-анасының жанында қалмақшы болады. Кешке әке-шешесінен ақша сұраған жас жігіт ұрсысып қалады. Жанжалдың барысында Ян әкесі мен шешесін өлтіреді.
«Ата-анасын өлтіргеннен кейін ол ойға кетеді. Қылмысының ашылып қоятынын ойлап, бас қатады. Сосын мұны білдірмес үшін тағы 17 адамды өлтіреді» делінген хабарламада.
Оның құрбандары арасында 3 жасар баладан 72-дегі қарияға дейін бар.