jasqazaq.kz

Қытайдағы қазақ студенттерін не мазалайды?

24 желтоқсан 2016, 19:24

2016 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдағы Қазақстан студенттерінің қауымдастығы өкілдерімен (KSAC), Бейжің қаласында білім алып жатқан докторанттар және магистранттармен жылды қорытындылау мақсатында дәстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі. Қытайдағы Қазақстан студенттер бірлестігін мазалайтын маңызды және өзекті мәселелер төңірегінде: дарынды және білімді түлектердің жұмысқа орналасуы, Қытай кәсіпорындары мен ҚХР аумағындағы ҚР мекемелерінде тәжірибеден өту, Бейжің шет тілдер университетіндегі «Қазақстан Орталығы» қызметінің маңызы және т.б. туралы еркін түрде пікір алмасты. Ш.Нұрышев қазақстандық студенттердің белсенді қатысуымен ҚР Тәуелсізідігінің 25 жылдығына орай Бейжің, Үрімжі, Сиань және Шанхай қалаларында іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол 2016 жылдың мамыр айында Чунцин қаласында өткен 5-ші Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайына оң баға берді. Бұл құрылтайға Бейжің, Шанхай, Ухань, Сиань, Үрімжі, Ланьчжоу, Нанкин, Тяньцзинь, Шэньян және Гуанчжоу қалаларында білім алып жатқан 100-ден астам студент қатысқан.

Елші қазақстандық студенттердің еліміздің оң имиджін қалыптастырудағы, «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен оның «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамасын дамытуда маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. Шахрат Нұрышев студенттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен студенттердің қысқы 2017-Универсиадасына, сонымен қатар Қазақстандағы Қытай туризмі жылы аясында еріктілер қозғалысына атсалысуға шақырды. Елші белсенді студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қытай аумағында бакалавр, магистратура, докторантура мен тілдік тағылымдамаларда 11 мыңнан астам қазақстандық білім алуда.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде