jasqazaq.kz

Қытайдағы қазақ балалары «Қазақстан дауысына» пародия жасады (видео)

20 қыркүйек 2016, 14:38

https://www.youtube.com/watch?v=l4aqVv7jPII

Қытай еліндегі қазақ балалары «Дауыс» деп аталатын халықаралық ән жобасына өзара ұйымдаса отырып, езу тартқызар пародия жасаған.

Бұл күлкілі әрі шынайы ән жарысы TencentVideo (讯视频:v.qq.com) порталына жүктелген екен. YouTube-тің баламасы іспетті «Тың шұң» –  Қытайдың ең ірі Онлайн видео медиа-платформасы. Медиа-платформаны шамамен 600 млн адам пайдаланады екен.

Балалар ән жарысына «Халықтың қалауы» деп ат берген. «Конкурсанттардың» бірі – Гүлерке Жұматқызы. Жүргізуші оны сахнаға шақырған соң, ол «балпаң-балпаң балапандай, тамсандырған тамашадай» деп өнер туралы ән шырқап шығады. Балалар үшін шөрке – телеарналардан көретін қызыл креслоның, қызыл тетікше – домалақ тас, тіс пастасының қабы – микрофонның қызметін атқарған, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

Гүлерке ән салап біткен соң, «тәлімгерлердің» жасы үлкені «әніңді жақсы айттың. Жоғарғы дауысың өте жоғары, төменгі дауысың өте төмен. Дыбысың тайып тұр. Пысықта. Маған келсең мен сені атақты әнші қыламын» деп Гүлеркені өзіне тартады. Келесі бір «төреші» болса оған «әнің әлі піспей қалыпты, үйіңе барып дайындалып кел» деген ақыл айтады. Үшінші төреші кішкентай қыз әнді жақсы айтты деген пікірді ұстанса, төртінші – үш жігіт төрешінің арасындағы қыз тәлімгер Гүлеркенің киіміне сын айтқан. «Киіміңді жақсылап кимепсің, бұдан кейін киіміңді жақсылап киіп кел. Маған келсең, мен сені атақты әнші қылдырамын», – дейді. Жобаға қатысқан «болашақ жұлдыз» киіміне қатысты сын айтқан соңғы тәлімгерді таңдайды.

Бұл «Халық дауысы» Қытай Халық Республикасында қазақтар көп мекенденген аймақтың бірінде түсірілген сияқты. Балалар қазақтың көне сөздерін араластырып сөйлеп тұр.

 

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде