
Қалыңдық көйлегінің фатасын ұстап жүру үшін 560 адам қажет болған. Енді олар осы ерекше жағдай Гиннестің рекордтар кітабына кіреді деп үміттеніп отыр екен.
stan.kz хабарлағандай, Фатаны жасап шығу үшін қалыңдықтың әкесі 1 миллион юань жұмсаған. Ол жас отбасының ғұмыры ұзақ болсын деген ниетпен осындай көйлек тіктіріпті.
Қытайлық интернет қолданушылары бұл жағдайға түсіністікпен қарап, оң көзқарас білдірген. Алайда соншалықты ақша мен матаны рәсуа еткен деп сынағандар да табылған.