Тайваньда оқу-жаттығуларына қатысып жүрген танк өзенге құлады. 4 сарбаз ажал құшқан. Оқыс оқиға кезінде оның ішінде 5 адам болыпты. Алайда тек жүргізуші-механик қана өз бетінше сыртқа шыға алған. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.