
Табылған олжа мамандар мен ежелгі ескерткіштердің бағалаушыларын таң қалдырды: Қытайдың шығысында судың тартылуынан су қоймасында ежелгі Будда мүсіні көрінді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, оны алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған, қазір мүсінді археологтар зерттеуде. Мамандардың пайымдауынша, бұл Мин әулетінің (1368-1644 жылдары) дәуірінде жасалған, сол себепті оның жасы 350 жылдан асады, деп хабарлайды РИА Новости. Қытайлық БАҚ-тың мәлімдеуінше, судың деңгейі шлюз қақпасын жөндеуге байланысты 10 метрге дейін төмендеген, нәтижесінде су бетіне Будданың мүсіні шыққан. Таңқаларлық видеокадрлар YouTube-қа жарияланды. Ғалымдар су қоймасының түбінде, Будда мүсінінің аяқ жағында ежелгі ғибадатхана болуы мүмкін деген болжам жасауда. Олар су асты құрылғысының көмегімен бұл жерді зерттеуді көздеп отыр.