jasqazaq.kz

Қытайда 5 млн. долларға көзге көрінбейтін көпір салынады

19 желтоқсан 2016, 3:39

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Хунань провинциясында орналасқан Чжанцзяцзе Ұлттық паркінде көзге мүлдем дерлік көрінбейтін көпір салу жоспарлануда. Бұл туралы The Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап РБК хабарлады.
Оның конструкциясы тот баспайтын айналы темірден және шыныдан тұрғызылады. Сәулетшілердің идеясына сәйкес, көпір екі деңгейден тұратын болады: оның үстіңгісінде аяқ астындағы төсеніштер көзге көрінетін болса, астыңғы деңгейде олар мүлдем көрінбейді. Көпірдің құрылысына 5 млн.долларға жуық қаржы жұмсалмақ. Туристер сондай-ақ тауларда орналасқан үш павильонның бірінде түнеп шыға алады. Олардан айналаны 360 градуста тамашалау мүмкіндігі бар. Көпірдің жанына дәмхана да салу көзделген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде