jasqazaq.kz

Қытай мен Ресейден жеткізілген көкөністер кері қайтарылды

17 сәуiр 2017, 16:51

ЕАЭО мемлекеттерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдер бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

«2017 жылдың 1-14 сәуір аралығында жоғары фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеру барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 12 фактісі анықталды»,-деп атап өтілген ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан (40 тонна картоп, 1,05 тонна тұқымды пияз, 600 дана көшет), Қырғыз Республикасынан (19,5 тонна қырыққабат, 49 тонна пияз), Қытай Халық Республикасынан (38 тонна картоп) және Өзбекстан Республикасынан (628 дана көшеттер, 0,26 тонна кептірілген жемістер, 22 дана құмыралық гүлдер) өнімдер еліміз аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Осыған жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ карантинге жатқызылатын өнімдердің 147,8 тоннасы экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды»,-дейді министрлік мамандары.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде