jasqazaq.kz

Қытай кәсіпкерін соққыға жықты

13 желтоқсан 2016, 11:47

Алматы облысында Линь Вэйцзи есімді қытайлық бизнесменге 10 желтоқсан күні белгісіз 3 адамның шабуыл жасау оқиғасы тергеліп жатыр.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Линь Вэйцзи Алматы облысындағы ең ірі компаниялардың бірі «Маолин» ЖШС-ын басқарады. 10 желтоқсанда түнгі 2:00 шамасында белгісіз үш адам компанияның жатақханасына қарақшылық жасамақ ниетте кірген. Жүргізушіні соққыға жығып және байлап тастап, мүлікті шығаруға кіріседі. Бірақ осы кезде шу шыққандықтан, екінші қабаттан Ли Вэйцзи төмен түсіп, бетперде киген ер адамды көрген. «Маолин» ЖШС бас директоры қаскөйді тоқтатпақ болған, алайда, қылмыскер оны соққыға жығады да, оған екі сыбайласы қосылған.

Күзетшілердің жақындап қалғанын көрген ұрылар ештеңе алмастан, қашып кеткен. Бизнесменге медициналық жәрдем көрсетілді. Вэйцзи ауыр жарақаттар алған, оның бетіне он шақты тігіс салынды.

«Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тармағы — «Қарақшылық» бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»- дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде