jasqazaq.kz

Қытай 12 жылдық білім реформасынан бас тартады

13 қыркүйек 2016, 15:35

Қытайдың жаңа тағайындалған Білім министрі Чэн Баошэң ҚХР білім беру саласын жетілдіру туралы біраз ұсыныстарын мәлімдеді. Ол ұсыныстардың бастылары мыналар:

— Ұстазда абырой болмаса, ұлтта рух болмайды. Ол үшін оқытушылардың жалақысы жергілікті шенеуніктің жалақысынан 10 пайызға жоғары болу керек. Сондай-ақ полицилейлерге берілетін үстеме ақы сынып жетекшіслеріне де берілуге тиіс.
— Қазір ұстаздардың қалыпты білім беруі, алаңсыз өмір сүруі қиындап барады. Өзге емес, білімге құлқы жоқ, тәртіпсіз оқушылар ұстаздардың ар-намысын тиеді, тіл тигізеді, қорқытып-үркітеді, жабылып сабап кетеді, тіпті өлтіріп кеттетін жағдайлар орын алып тұрады. Осыған байланысты «Ұстаздардың құқын қорғау туралы заң» қабылдануы керек.
— Мектепте сынып жетекшісінің атқарар рөлі ерекше. Осыған байланысты «сынып жетекшісі» міндеті — жарты ставкалық жүктеме ретінде есептелумен бірге, сынып жетекшісіне моралдық та, материалдық та ерекше жағдай жасалуы керек.
— 12 жылдық білім беруді күшінен қалдырып, мектепті 10 жылдық білім беру жүйесіне көшіру керек. Өйткені қазіргі балалар өткен ғасырдағы балалармен салыстырғанда ерте есеюде. Сондай-ақ қазіргі мектеп балаларының иегерген ақпараты мен білімі де өткен ғасырдағы балалардан әлде қайда мол екені жасырын емес. Сондықтан ағымдағы «Батсауыш мектепті 6 жыл, Орталау мектепті 3 жыл, Толық орта мектепті 3 жыл оқу (барлығы 12 жыл) жүйесі» — бүгінгі күні білім беру саласындағы басы артық шығынды көбейту мен жас ұрпақтың уақытына қиянат жасаудан басқа түк емес! Сондықтан бүгінгі уақыттың талабы мен заман дәуір тынысы бұрынғы 10 жылдық (бастауыш 5 жыл, Орталау мектеп 3 жыл, Толық орта 2 жыл) білім беру жүйесін қалпына келтіруіміз керек.

 

(Дүкен Мәсімханұлының фб-парақшасынан)

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде