jasqazaq.kz

Ұшқыш-батырды сахнада ән айтатын әншіге теңестіргені ме?

08 қантар 2024, 16:46

Әнші Тамара Асар Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы медаль табыстағаны жөнінде әлеуметтік парақшасына жариялаған болатын.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
«Мені “Батыр қыз” деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хиуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хиуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің – батырлығы. Алдыңғы буын ағалар, құрметтеріңізге үлкен мың алғыс!”, – деп жазды әнші.
Оқырмандардың бірі сүйікті әншісін қолдап, лайық марапат деп жатса, енді бірі даттап жатыр.
«Ауылда көп бала асырап, елі мен жеріне ерен еңбегі сіңген қаншама батыр аналарымыз бар. Солардан біреуі табылмады ма екен?!”, “Тамара тек ән айтып қана батыр болып жүр ме?”, “Атақты тек әншілер алатын болды”, “Майданда қан кешкен ұшқыш-батырды сахнада ән айтатын әншімен теңестіргені несі», – деп ашуланды желі қолданушылары.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі