jasqazaq.kz

Үшінші мегаполисте мал бағуға жағдай бар

31 тамыз 2023, 11:14

Еліміздегі үшінші ірі қала санатындағы шаһардың айналасындағы ауыл-аймақ ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын да дамытуға қолайлы болып тұр. Бұл өз кезегінде қалалықтарды таза табиғи өніммен, азық-түлік, ет өнімдерімен қамтамасыз етуге, азық-түлік тапшылығын тудырмауға негіз болтыны айтпаса да түсінікті.

Шаһардағы шаруа қожалықтардың 785-ке жуығы мал шаруашылығы, 6-уы балық, 4-уі құс және 25 омарта шаруашылығына машықтанған. Мал шаруашылығымен айналысатын 32 шаруа қожалық мал басын асылдандыру бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған.

Шымкентте сала мамандарының мәліметіне сүйенетін болсақ, жыл басынан маусым айына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,7 млрд теңгеге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 3,8 млрд теңгеге артқан. Ал, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылыпты. «Ірі қара малдың орташа салмағы 472 келіні құрап, құс етінің көлемі 1,2 мың тоннаға жетті» дейді қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары.

Шымкент жылыжайдан да кенде емес. Қазір 209 гектар жылыжайда қызанақ, қияр, басқа да көкөніс түрлері өсіріліп, маусымаралық кезеңде қаланың сауда нүктелерінен бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жөнелтілуде. Жалпы ауыл шаруашылығы бағытынан бала-шаға асырап, күн көремін деген кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері барын басқарма мамандары ұдайы түсіндіріп, ақпараттандырып отырады. Мысалы, мамандар былай дейді: «Егер кәсіпкер өз жобасын іске асыруға екінші деңгейлі банктен қаражатты қарыз алса, пайыздық субсидиялау бағдарламасына сәйкес несиенің 10 пайызға жуығын мемлекет төлеп береді. Одан бөлек, инвестициялық субсидиялау бағдарламасына сәйкес, көкөніс қоймасы немесе өңдеу кәсіпорындары, жылыжай кешенін салған жағдайда кеткен шығынның 25 пайызын мемлекет өтейді» дейді. Мұндай субсидия сатып алынған мал басына, тыңайтқыштар мен тұқымға да қаралған екен. Шымкентте қазір 50-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Бұрынғы ұсақ шаруашылықтар бірігіп, кооператив құрамына енген. «Мұндай іріленудің негізгі пайдасы – мемлекеттен жәрдем алуға тиімді» деген мамандар «Мәселен, мемлекет қолдауының тәртібі бойынша мал саны кемі 50 бас болуы қажет. Бұл міндетті іске асыру ұсақ шаруалардың қолынан келмесі анық. Ал, кооперативке біріккен жағдайда мал басы көбейіп, мемлекет тарапынан малдың жем-шөбі, одан алынған сүттің әр литріне, ет бағытында болса, әр келі еті үшін мемлекет субсидиялап, шаруашылықтың нығаюына барынша жағдай жасайды» дейді.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее