jasqazaq.kz

Үш судья пара алды деген күдікке ілінді

04 желтоқсан 2023, 15:34

Кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау мәселесін шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдікке ілінген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Басқа жағдайда, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деп айыпталып отыр.
Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған.
Сондай-ақ, Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешім шығарғаны үшін пара алды деп айыпталуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

JQ- Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі