jasqazaq.kz

Үш күн ішінде 360 түрлі атыс қару мен 12 граната тәркіленді

09 наурыз 2025, 12:53

Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар бұрын ұрланған жеті қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Шара барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер министрлігі азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі