jasqazaq.kz

Үш қой ұрлап, бес жыл арқалады

23 ақпан 2024, 14:15

Атырау облысының тұрғыны көршісінің ауласынан 3 қойды ұрлап кеткен. Сот үкімімен күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жылыой аудандық сотында мал ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Аудандық соттың талқылауы кезінде Құлсары қаласының тұрғыны К.-ның 2023 жылғы 7 желтоқсанда көршісінің қоршалған мал қорасының ауласына кіріп, 3 қойды ұрлағаны анықталды. Ол ұрланған малды сатып, түскен ақшаны спирттік ішімдік сатып алуға жұмсаған. Сот жаза тағайындау барысында К.-ның бұрын Жылыой аудандық сотының 2020 жылғы 2 наурыздағы үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғанын ескерді. Қылмыс жасалған кезде келтірілген материалдық залал өтелмеген», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жылыой аудандық соты К.-ні кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі