jasqazaq.kz

Үш адам қоғамдық топ құра алады

08 қараша 2023, 17:01

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева заң жобасын депутаттар алдында таныстырды.
«Қолданыста жүрген қоғамдық ұйымдар туралы заңның қабылданғанына биыл 27 жыл болады. Осы уақыт ішінде бұл заң азаматтарымыздың қоғамдық белсенділігін көтеруге едәуір қызмет етіп, бұл бағыттағы құқықтарын кеңейтуге ықпал етті. Еліміздегі демократиялық үрдістердің жаңа белеске шығуы Президентіміздің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауындағы азаматтық қоғаммен әріптестікті тереңдету туралы талабынан басталды», — деді Балаева.
Қоғамдық ұйымдар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу – уақыт талабы.
«Бұл өзгерістердің ең басты жаңалығы – қоғамдық ұйымды тіркеу үшін бастамашыл азаматтардың санын үш есе, яғни 10 адамнан 3 адамға дейін қысқарту болмақ. Дегенмен қоғамдық ұйымдарға қатысты мұндай еркіндік әлемнің озық тәжірибесіне сүйене отырып жасалғанын ерекше атап өту керек. Біз өз кезегімізде Бельгия, Чехия, Литва елдерінде бар жүйеге жүгініп, бастамашыл 3 адамдық принципті қабылдап отырмыз. Бұл қадам еліміздің халықаралық беделін бекіте түсетініне сенімдіміз», — деді министр.
Аталмыш заң жобасында еліміздегі соңғы кездегі құрылған жаңа өңірлер туралы заңнамалық өзгерістер ескерілген және коммерциялық ұйымдар туралы қолданыстағы заңның нормалары қайталанбайды.
Мәжіліс заң жобасын дауысқа салып, оны бірінші оқылымда мақұлдады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде