jasqazaq.kz

Ырысбала Икрамбай: Халықтың ақшасына байып, талтаңдап кетті дейтіндер қайдасыңдар?

06 желтоқсан 2023, 11:26

Блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде өзін сынайтындарға жауап берді.

«Ырысбала жеп қойды, Ырысбала ішіп қойды, Ырысбала халықтың ақшасына байып, талтаңдап қалды» деген шіріктер, өліп қалдыңдар ма, қайдасыңдар? Кеше түсте салып едім, біреу жазбадыңдар, ең құрығанда 1 нан алып барып берейін деген құлық танытпадыңдар. Өзің білме, білгеннің тілін алма деген қарғыстың ең ауыры екен. Өзіңнің қолыңнан келмейді, бірақ іс жасағанды күндеу, көре алмау — надандық. Егер мен жеп, ішіп халықтың қаражатына қол салатын болсам, Құдайдың өзі мені бұлай жүргізбесі анық-ау, маған халықтың ақшасы қажет болса, қорғаныстың ең жақсысы шабуыл деп әрқайсыңмен бір ұрысып, жылы жауып, қордағы қалған ақша демеуші едім. Бірнәрсені үлкен әріппен жаза кету керек, Алланың жаққан шамын ақымақ үрлеп өшіре алмайды. Ішіп-жеп асхана мен дәретхананың арасында өмір өткізгісі келмейтін, жаны жақсылыққа құмар көп жүректінің обалы сендерге, тырнақ астынан кір іздеушілер. Халықтың жинаған қаражаты бар, өзіміздің қолымызда бір-екі тиынымыз бар тірнектеп бұл отбасыны мына жерден алып кетемін. Мен сөздің емес істің адамы екенімді білесіздер, көп сөз — боқ сөз», — деген жазба қалдырды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі