jasqazaq.kz

Ырысбала Икрамбай: Халық арсыздардың ісін білсін

08 желтоқсан 2023, 10:42


Қайырымдылықпен айналысып жүрген танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы бір мәселені көтеріп, алаяққа алданған кейіпкерінің оқиғасымен бөлісті.
Бұл жолы халықпен бірге сыйлаған 74-үйдің иесіне қатысты мәселе туындаған.
«Маған күнде бір проблема дайын тұрады, бұрындары қайырымдылықтың қадірін қашырмайын деп бәрін ішіме жұтып, өзім шешіп, іштей күйіп-өртеніп жүруші едім. Қазір ешнәрсе жасырмаймын, білсін халық арсыздардың ісін. Бұл үш қызды әке, біз Ырысты армия болып бірігіп баспана, көлік табыстаған 74-үй. Қазығұрт ауданында тұрады, сол ауылдың азаматы ағамыздың жуастығын, білімсіздігін, әлсіздігін пайдаланып атынан кредит алған, халық алып берген көлікті 2 ай мініп жүруге дәмелі болған. Қыздардың мектептегі мұғалімі осы отбасының жанашыры шыр-пыр болып ол еркекпен ұрысып көлікті есігінің алдына әкеліп қойғызған, содан кейін мынадай былықтардың беті ашылып жатыр. Айтпай атынан Каспий банктан есепшот ашып пайдаланып, кредит алып алдап, заңды белшесінен басып жүр. Енді мен ол еркекті тауып қырық пышақ болып қырылып, айқайласып мұқтаждың ақысын қайтаруын талап етіп оны халықпен бөліссем біраз еркек сымақтар тағы мені сұмырай қыласыңдар, мен қатын болып осы мұқтаж отбасы егде жастағы ер азамат үш қызымен көшке қосылсын деп халықтың алдына шығарып,халықтың жинаған жылуынан шашау шығармай үй,көлік табыстап көппен қуансақ, мына Дарханның жасап жүргені мынау? Дархан мен саған 2 рет звондадым,жаздым жәй сөзбен мәмілеге келуге құлық танытпайсың, енді көреріңді көресің, Түркістан облысының құқық қорғау органдарына жүгінемін, еліміздегі телеарналар, білікті заңгерлер барлығының алдына барып осы әлсіз жанның құқығын қорғаймын», — деп жазды ол.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді