jasqazaq.kz

Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы

31 наурыз 2023, 15:03

Пандемия кезінде салынған модульді жұқпалы аурулар орталығы балалар ауруханасы болып қайта құрылады. Енді орталық базасында дәрігерлер кішкентай науқастарға түрлі медициналық көмектер көрсетеді.

Емдеу орталығының сыйымдылығы 200 төсек орынға лайықталған. Мұнда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің 20 орны, КТ аппараты, цифрлық рентген және басқа да медициналық жабдықтар бар. Сондай-ақ ғимарат аумағында оттегі станциясы, автономды электр станциясы, лас қалдықтарды дезинфекциялауға арналған орындар мен жедел жәрдем машиналары қарастырылған.

Осыған дейін инфекциялық госпиталь ретінде жұмыс істеген орталықты науқастарға қауіпсіз ету үшін барлық тиісті шаралар атқарылды. Ғимарат қабырғалары мен медициналық аппараттардан жұғындылар алынып, экспертиза жүргізетін тәуелсіз мекемелерге тексеруге жіберілген. Қорытынды санитарлық талаптарға сай танылып, орталық жұмысына рұқсат берілді.

Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы. Келешекке нық қадам жасайтын іргесі мықты ел қалыптастыру жолында білім, тарих, мемлекеттіліктен бір мысқал да кем емес жауапкершілікті талап ететін ұрпақ саулығы тұр. Бүгінде Шымкент қаласында балалардың саулығын ретту үшін ауруханаларды жабдықтау ісі қарқын алған. Шымкенттік дәрігерлердің сырқаттарды емдеуде тағы бір мүмкіндігі артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алғаш рет қаладағы клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылған.

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері сауықтыра алады.

Отоларингология бөлімше 20 төсек орынға лайықталған. Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Жаңадан ашылған бөлімшедегі дәрігерлер операция жасауға да бейімделген. Соның арқасында дәрігерлер бұрынғыдай лор аурулары бар науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері ота жасауда. Дәрігерлердің сөзінше, құлақ мұрын ауруына шалдыққан науқастардың басым бөлігі операцияны қажет етеді екен.Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бөлімшеде емделіп шыққан науқастардың 90 пайызына дәрігерлдер ота жасаған.

Мұнда көптеген ота түрі жасалады. Атап айтқанда, Септопластика, Вазотомия, Конхотомия, Мұрын қабыршықтарының оталары, Мұрын сүйектерінің репозициясы, Эндоскопиялық оталар , Құлақ ауруларының оталары, тонзиллэктомия, аденоэктомия,эндоскопиялық, дакриоцисториностомия,увулопалатофарингопластика (қорылдауды кетіретін ) және де өзге күрделі ота жасалады.

Айта кетейік, құлақ мұрын аурларына дер кезінде диагноз қойып, оны емдеуде ауруханада қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған. Емдеу мекемесінде операция жасауға арналған операциялық микрохирургиялық микроскопы, ЛОР комбайны сияқты барлық қажетті жабдықтар бар. Бөлімшеде дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдайды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта